Танымал әнші, актриса Ақбота-Нұр Абайқызы Жаңа жыл алдында Ақшақар бейнесінде суретке түсіп, желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім барысынан видео жүктеген.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі қолдап жатса, бірі наразылығын білдіріп жатыр.
«Кезінде орамалға келгеніңізде қатты қуанғандардың бірі едім», «Әдемі, бірақ киім азайып жатыр ақырын», «озобоченный снегурочка болып отырсызгой», «Жиіркенішті. Сұлу деген сайын қайда кетіп бара жатыр?» сынды пікірлер жазылуда.