🌐 Әлем

Су түбіндегі 80 мина және қос дәліз: АҚШ пен Иран соққы алмасуды тоқтатты

Су түбіндегі 80 мина және қос дәліз: АҚШ пен Иран соққы алмасуды тоқтатты

Вашингтон мен Тегеран Ормуз бұғазы маңындағы қарулы қақтығысты уақытша тоқтатуға пәтуаласты. Екі мемлекеттің өкілдері маусым айының отызы күні Катар астанасында бас қосады. Кездесуде кеме қатынасының қауіпсіздігі мен жағдайды одан әрі тұрақтандыру жолдары талқыланбақ, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл бейбіт қадамға дейін қос мемлекет бір-біріне ауыр соққылар жасаған болатын. Иран әскері Кувейт пен Бахрейн аумағында орналасқан америкалық базаларды нысанаға алды. АҚШ өз кезегінде Тегеранның әскери инфрақұрылымын қиратты. Америкалық күштер қарсыластың байланыс желілері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне шабуыл жасады.

Уағдаластыққа қарамастан су жолы жақын арада ашылмайды. Бұрынғы қалыпты транзит режиміне оралу үшін бірнеше ай қажет. Жапониялық "NYK Line" жүк тасымалдау компаниясының бас атқарушы директоры Такая Сога Financial Times басылымына жағдайдың өте күрделі екенін жеткізді. Су астындағы мина қаупіне және Иран мен Оман жағалауларындағы өткелдердің шектеулі болуына байланысты қауіпсіз бағыттар жоқтың қасы. Кәсіпкер біз Ормуз бұғазы жабылғанға дейінгі жағдайға оралудан әлі өте алыспыз деп нақтылады.

Халықаралық теңіз ұйымының бас хатшысы Арсенио Домингес Иран негізгі су жолдарына шамамен сексен мина орнатты деп есептейді. Қазіргі таңда кемелер өтетін тек екі тар дәліз ғана қолжетімді. Осыған байланысты су түбін жарылғыш заттардан толық тазарту жұмыстары өте ұзақ уақытты алады.

Барлық жаңалық