Оқиға Тайынша ауданының Келлеровка ауылында болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Өңірлік ТЖД-ға 2009 жылы туған қыздың үстіне әткеншектің жоғарғы арқалығы құлап кеткені туралы хабар түскен. Зардап шегушіге құтқарушылар мен дәрігерлердің көмегі қажет болды.
Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жедел түрде шықты. Келген бойда мамандар зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Тексеру және қажетті көмек көрсетілгеннен кейін қыз Тайынша қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. Мамандардың мәліметінше, оның жағдайы тұрақты, – деп атап өтті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
СҚО әкімдігі әткеншектің бөлшектелгенін, бірақ оның орнына жаңасы орнатылмайтынын хабарлады.