Өскемен қаласында Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелердің бірінде оқ атылған оқиға тіркелді, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.
«Бейтаныс тұлғалар сыртқы қоршаудан заңсыз заттарды (тоғыз орамды) лақтырып жіберген. Оның жетеуі тұрғын аймаққа түссе, біреуі техникалық жолаққа құлаған, тағы бірі негізгі қоршаудың элементтеріне ілініп қалған. Негізгі қоршауда тұрған тыйым салынған затты алу үшін төрт сотталған айла жасап, ішкі тыйым салынған аймаққа заңсыз өткен. Әскери бөлім 6699-дың қарауыл постындағы кезекші дер кезінде «Тоқта, артқа!» деп команда беріп, жағдайды қарауыл бастығына баяндаған және ескертуін қайталап: «Тоқта, артқа! Тоқтамасаң атамын!» деген. Часовойдың талабына қарамастан, сотталғандардың бірі негізгі қоршауға өрмелеп шығуға әрекеттенген. Белгіленген нұсқаулыққа толық сәйкес, кезекші аспанға ескерту ретінде оқ атқан», — деп сәрсенбі күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Айтуларынша, әскери қызметшінің батыл, нақты және кәсіби әрекеттері режим талаптарының бұзылуын әрі қарай өршуіне жол бермей, заңға қайшы әрекеттерді дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік берген.
«Көрсеткен қырағылығы, кәсібилігі және шешімділігі үшін әскери қызметші 10 тәулікке үйіне демалысқа жіберіліп, көтермеленді», — деп толықтырды өңірлік қолбасшылық.