Шоу-бизнес

Сот Турлыхановқа қатысты істі қосымша тексеруге жіберді

Сот Турлыхановқа қатысты істі қосымша тексеруге жіберді

Алматыда болған отбасылық жанжалға байланысты Рахат Тұрлыхановтың ісі жаңа деңгейде қаралуы мүмкін деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Сот материалдарына сәйкес, ер адам үйінде жанжал шығарып, жұбайына қорқытып, балағат сөздер айтып, айқайлаған. Бастапқыда бұл әрекеттер «отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» бабы бойынша қаралған.

Алайда сот барысында іс материалдарын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін тиісті органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.

Сот қаулысында:
«Іс материалдары ҚР ӘҚБтК-нің 742-бабына сәйкес прокурорға және сотқа дейінгі тергеу органына жолдансын», – деп көрсетілген.

Бұл шешім жәбірленушінің бастапқыда дене жарақаты келтірілгені туралы мәлімдемесін ескере отырып қабылданған.

Осылайша, іс қосымша тексеруге жіберілді.

Айта кетейік, сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалық