Жаңалықтар

Сот жүйесінің тәуелсіздігі – Әділетті Қазақстан құрудың басты шарты - Тоқаев

Сот жүйесінің тәуелсіздігі – Әділетті Қазақстан құрудың басты шарты - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық форумда Заң мен тәртіп қағидатына негізделген Әділетті мемлекет құру үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

– Біз Заң мен тәртіпке бағынатын, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз. Сондықтан сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беріп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

1 шілдеде еліміздің жаңа Конституциясы күшіне енеді. Осылайша, Қазақстан өз дамуының шешуші кезеңіне қадам басады.

– Мен бүгін бес конституциялық заңға қол қойдым. Бұл – жаңа Конституцияға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы негізінде түбегейлі жаңғырады деген сөз. Осы құқықтық реформалар елімізде жасалып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де тың серпін бермек. Сөз соңында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті әзірлеуге және оның нормаларын жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елордада Мемлекет басшысының қатысуымен елдегі әкімшілік әділетке арналған форум өтті.



Барлық жаңалық