Спорт

"Соңына дейін күрестім": Елена Рыбакина Дохада жеңіліс тапты

"Соңына дейін күрестім": Елена Рыбакина Дохада жеңіліс тапты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Ол жартылай финал жолдамасы үшін 19 жастағы канадалық теннисші Виктория Мбокоға қарсы ойнады. 2 сағат 25 минутқа созылған тартысты кездесуде 5:7, 6:4, 4:6 есебі тіркеліп, Рыбакина турнирді ширек финалда аяқтады.

Матчтан кейін ол ойынның өте ауыр өткенін атап өтті.

«Бұл өте ауыр матч болды. Соған қарамастан, соңына дейін күресе алғаныма қуаныштымын. Соңғы кезде мұндай ұзақ кездесулер өткізбеген едім. Австралияда матчтар арасында бір күн демалыс болды, ал Australian Open турнирінде финалдан басқа барлық ойынды екі сетте аяқтадым. Дегенмен, Дохадағы бұл жарысты өзім үшін сәтті өтті деп есептеймін. Корттан тыс кейбір жұмыстарды да атқаруыма тура келді. Жалпы алғанда, бұл алдағы турнирлерге жақсы дайындық болды деп ойлаймын», – деп келтіреді оның сөзін Tennis.com.

Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін Australian Open турнирінде топ жарып, әлемнің үшінші ракеткасы атанған еді. Сонымен қатар, сол жарыста әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ойсырата жеңді.

Барлық жаңалық