Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстанда мектеп асханасы оқушыларға жәндіктері бар тамақ берген

Солтүстік Қазақстанда мектеп асханасы оқушыларға жәндіктері бар тамақ берген

Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларға берілетін тағамнан жәндіктер табылған даулы оқиғадан кейін өңір мектептерінде кең көлемді тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты NewTimes.kz сайтына сілтемемен.

 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда арнайы құрылған комиссия барлық білім беру ұйымдарында асханалардың санитарлық жағдайын, тағам сапасын және кәсіпкерлердің міндеттемелерді орындауын жіті бақылауға алған. Әрбір мектепте ата-аналар қатысатын комиссия құрылып, оның төрағасы болып мектеп директоры бекітілді.

 

Жағдайға байланысты бірқатар кадрлық шешімдер қабылданды. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының директоры мектеп асханасындағы бақылаудың әлсіздігі үшін қызметінен босатылды. Сондай-ақ оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсеткен кәсіпкермен келісімшартты бұзу рәсімі басталды.

 

Алдағы күндері мектеп асханаларын ұйымдастыру бойынша жаңа конкурс жарияланатыны хабарланды. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауына алып, оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы тамақпен қамтамасыз етілуі басты назарда болатынын жеткізді.

Барлық жаңалық