Солтүстік Қазақстан облысында 22 жастағы ауыл тұрғыны жергілікті фермерді атып өлтірді, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты İnformburo.kz каналына сілтемемен.
Оқиға Тимирязев ауданына қарасты Докучаево ауылында болған. Полицияның мәліметінше, 52 жастағы ер адам оқ тиген жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.
«22 жастағы күдікті ұсталды. 52 жастағы ауыл тұрғынына қарсы адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталуда. Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», – делінген ПД таратқан хабарламада.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, күдікті фермердің үйіне жалақы бойынша берешек мәселесін талқылауға барған. Куәгерлердің айтуынша, жігіттің өзімен бірге қаруы болмаған.Фермер қолына мылтық алып, келген жігітті қорқыту мақсатында аспанға оқ атқан. Сол сәтте жас жігіт мылтықты тартып алып, фермерге басы мен ішіне оқ атқан. Ер адам алған жарақаттан сол жерде көз жұмған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.