Жаңалықтар

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰТҚАРУШЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынымен күресу үшін өңірге іссапарға жіберілген құтқарушы қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов 1 сәуірде Түркістан облысының бөлімшесі құрамында Тайыншаға келді. Сол күні кешке ол сырқаттанып, Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілді, сол жерден оны санитарлық авиация бортымен Петропавлдағы госпитальге жеткізу жоспарланған болатын. 2 сәуірге қараған түні Бекжан Балданов реанимацияда қайтыс болды. Дәрігерлер оның өліміне жіті миокард инфаркті себеп болғанын анықтады. Бекжан Балданов 1978 жылы дүниеге келген. Ол Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімшесін басқарды.
Барлық жаңалық