Қолайсыз ауа райы, Ресей-Украина қақтығысы және Таяу Шығыстағы әскери әрекеттер әлемдік азық-түлік бағасының қымбаттауына алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қара теңіз аймағынан астық жеткізу әлі де қауіпті болып отыр.
Агенттік мәліметтеріне сәйкес, Ресей мен Украина бидайдың әлемдік саудасының төрттен бір бөлігінен астамын, күнбағыс майы экспортының шамамен екі үштігін және жүгері экспортының оннан бір бөлігін қамтамасыз етеді, алайда Қара теңіз арқылы өтетін логистика әлі де күрделі.
Еуропадағы соңғы онжылдықтағы астық өндірісінің ең үлкен төмендеуіне алып келуі мүмкін аптап ыстық, құрғақшылық пен орман өрттері де жағдайды ушықтыра түскен.
Нарыққа қысым жасайтын қосымша фактор ретінде АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы бар, ол отын мен тыңайтқыштар бағасының өсуіне түрткі болды. Сондай-ақ негізгі тәуекелдердің қатарында күріш өндірісі мен экспортының көлеміне қауіп төндіретін Эль-Ниньо климаттық құбылысы да бар.