Жаңалықтар

СІМ соғыс аймағындағы 14 қазақстандықтың Қазақстан елшілігіне жеткізілетінін жоққа шығарды

СІМ соғыс аймағындағы 14 қазақстандықтың Қазақстан елшілігіне жеткізілетінін жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде бүгін 14 Қазақстан азаматы соғыс жүріп жатқан аймақтан Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігіне жеткізіледі деген ақпарат тарады.Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Бұл тақырыптың қоғам үшін, әсіресе азаматтарымыздың туыстары үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан тексерілмеген ақпаратты таратуға жол бермеу керек. Мұндай мәліметтер жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды адастырып, жалған үміт тудырады және азаматтарды қорғау бойынша министрліктің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін», – делінген хабарламада.

Министрлік Ресей тарапымен түрлі деңгейде жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл мәселе тұрақты бақылауда. МИД атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

СІМ азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Министрлік Қазақстан заңнамасында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Олардың елшілікке жеткізілетінін заңгер Мейірман Шакеев хабарлаған.

«Президентке отбасылардың атынан алғыс айтамыз. Сыртқы істер министрі Мұрат Бескенұлы осы хабарды өзі жеткізді»,- деді ол.

Барлық жаңалық