Аңыз ақын Мұхтар Шаханов Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ қыздарына бата берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы almatypovar_aigul инстаграм парақшасы жазды.
Мұхтар Шаханов өз батасын: Шындық биігінде жолығайық, деп қорытындылады.
"Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы. Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек! Жыл сайын, 16 желтоқсан күні – біз бүкіл ел болып, тәуелсіздік күнін, сән-салтанатты іс-шарамен, мерекелік кештермен атап өтеміз. Алайда, 1986 жылы дәл осы 16 желтоқсанда қаншама жүрегі қазақ деп соққан бауырларымыздан айырылған күн екендігінде ұмытпағанымыз жөн. Бүгінгі күні, дәл сол мерекелік көңіл-күйдің әсерінен 1986 жылғы қаралы күн жадымыздан өшіріліп келе жатқандай. Әрбір жүрегі қазақ деп соққан адамға белгілі ғой, қазақ еліне Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.Желтоқсан құрбандарының ақталып шығуына,Қазақ тілінің Ұлттық мәртебе алуына себепкер жан Өр тұлға, Ұлы Тұлға Мұхтар Шаханов!
Мұхтар Атамыздың ақ батасын алу біз үшін үлкен Мәртебе! Елі, Ұлты, Тілі деп шырылдаған Абыз Адам, Аңыз Адам! Атау, аман болыңыз!", - деп жазды парақша иесі.
Айта кетейік, Желтоқсан оқиғасы сөз болғанда жазықсыз жапа шеккендерді ақтауда Мұхтар Шахановтың есімі бірінші аталады.
Ол 1989 жылы Бүкiлодақтық пленумда Кремль төрiне көтерiлiп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне бiр жақты баға берiлгендiгiн айта келiп, алаңда бейбiт шеруге шыққан жастарға қарсы сапер күректерi мен темiр күрзелердiң қолданылғанын әрi бұл оқиғаға жан-жақты сарабдал баға беру үшiн тәуелсiз комиссияның құрылуын талап етуi болатын. Бұған дейiн қазақ жастарына "ұлтшыл" деген қара күйе жағылып, қоғамдық пiкiрдi оларға қарсы қою шарасы жүргiзiлiп келген едi. Бұдан кейiн Желтоқсан оқиғасын зерттеу жөнiнде бүкiлодақтық комиссия құрылып, М. Шаханов соның мүшесi болады. "Желтоқсан оқиғасына" берiлген бiр жақты баға тоқтатылып, оған жан-жақты сараптама жасалына бастайды. Сөйтiп, Одақ қазақ елiмен санасуға мәжбүр болады.