Желіде Альбина есімді бойжеткеннің пікірі дау тудырып жатыр. Ол Шымкенттіктерге қатысты теріс пікір айтқан,еп жазады Ozgeris.info.
«Шымкенттіктер өздеріңе келгенде арам боласыңдар? Өзіне керек кезде іш-бауырыңа кіріп кете жаздайды. Өзіңе керек кезде ат-тонын ала қашады. Астана келіп «южанның» түр-түрін көріп жатырмыз «Әпше, әпше» деп жалпақтайды өзіне керек болғанда. Барлығы ондай емес, бірақ көбі сондай. Біз батыста ондайды көрмегенбіз», - деп айтқан ол.
Желіде бұл мәлімдеме өңірлерге бөлініп, алауыздықты тудыратынын алға тартқан. Желідегілер оны жазалауды талап етіп отыр.
«Шымкенттіктер» деп жалпылама айтқаны үшін видео авторының заңды түрде жауап беруін талап етемін. Әрбір сөздің салмағы мен жауапкершілігі болуы керек. Бір адамның қателігін тұтас бір қалаға, бүкіл халыққа телу — ақылға сыймайтын надандық.Шымкенттіктер бұл кісінің киімін үстінен шешіп, не жеп отырған тамағын тартып алып па еді?Сын айтқың келсе нақты сол адамның аты-жөнін атап, әрекетін айт. Бүкіл өңірді қаралап, халыққа тіл тигізгені үшін жауап берсін! Қашанғы бір-бірімізді бөліп жүреміз? Өзіміз сүттей ұйыған 20-ақ миллион халықпыз. Соның өзінде «мынау — ана жақтың адамы, мынау — бұ жақтың адамы» деп іштен іріп бара жатырмыз. Неге жай ғана тату-тәтті өмір сүрмеске?Шымкенттің бір адамы ренжітті ме? Барып, сол адамның өзіне айтыңыз. Бір жеке тұлғаның қателігі үшін тұтас қаланы немесе өңірді айыптаудың қажеті қанша? «Бүкіл Шымкент осындай», «Онтустік сөйтеді» деп жаппай таңба басу конструктивті сын емес, үстірт таптаурын», - деп жазды Динар Иса.