Жаңалықтар

Шымкенттегі Нұрайдың өлімі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкенттегі Нұрайдың өлімі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктіге тағылған айыптардың бірі күшейтілді, деп хабарлайды  ozgeris.info.

Жәбірленушінің адвокаты Сержан Нұрпейісов айып қатаңдатылғанын жазды.

"Іс 5-тармақтың 2-бөлігі "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" бойынша қайта сараланды", – деді адвокат.

Бұл айып бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір қылмыстық істер үш бап бойынша бір уақытта қаралып жатыр:

  • 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы – "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру";
  • 125-1-бап – "Некеге мәжбүрлеу";
  • 115-1-бап – "Сталкинг".
Барлық жаңалық