Шымкент қаласындағы дендросаябақ аумағында өлі адам табылып, полиция қызметкерлері тергеуді бастады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
22 ақпан күні Шымкенттегі дендросаябақ аумағында өзіне қол жұмсау белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Полиция департаментіне бұл жағдай туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, тиісті жұмыстарды бірден қолға алды.
«Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.