Шымкент қаласы

Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың соңғы видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың соңғы видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

Шымкент қаласында 11 қаңтар күні кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайға қатысты жаңа бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Мәліметке сәйкес, видео қайғылы оқиғадан шамамен 7 минут бұрын түсірілген.Кадрлардан Нұрайдың қатты мазасыз күйде жүргені байқалады. Бейнежазбада оны бір күдіктінің соңынан қалмай ізіне түскені, ал марқұмның одан алыстап, кетуін талап етіп, қашуға тырысқаны көрінеді. Алайда күдікті Нұрайды аңдығанын тоқтатпаған.

 

Аталған видео желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Көпшілік оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етуде.

 

Қазіргі таңда бұл іс бойынша құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

 

Барлық жаңалық