Шымкент қаласы

Шымкентте пәтер тонаған топ 20 млн теңгенің алтынын ұрлаған

Шымкентте пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Полиция ұйымдасқан бес адамнан тұратын топтың бірнеше ұрлық жасағанын анықтады. Күдіктілер жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, олар үй иелері болмаған кезде терезе арқылы кіріп, негізінен алтын мен бағалы заттарды ұрлаған. Соңғы бір айда кемі он оқиғаға қатысы бар екені анықталды. Шығын көлемі – шамамен 20 млн теңге.

 

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

 

Полиция азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға: терезелерді ашық қалдырмауға, сигнализация орнатуға және заманауи күзет жүйелерін пайдалануға кеңес береді.

Барлық жаңалық