Шымкент қаласы

Шымкентте жол апаты: жедел жәрдем көлігі бетон араластырғышпен соқтығысты (ВИДЕО)

Шымкентте жол апаты: жедел жәрдем көлігі бетон араластырғышпен соқтығысты (ВИДЕО)

Шымкент қаласында жедел жәрдем көлігі мен бетон араластырғыш көлік жол апатына түсті. Бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Оқиға сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан жедел жәрдем көлігінің жол бойымен жоғары жылдамдықта келе жатқан сәтінде бетон араластырғыштың қиылыста бұрылмақ болғаны байқалады. Екі көлік бір-бірінен уақытында қашып үлгермей, соқтығысып қалған.Соқтығыс салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған медициналық қызметкер жарақат алды.

 

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

 

«Жарақат алған медицина қызметкерін дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберді», — делінген полицияның ресми хабарламасында.

 

Барлық жаңалық