Жаңалықтар

Шымкентте жоғалған әйел өлі күйінде табылды: қоғамда алаңдаушылық күшейді

Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның өлі табылуы көпшіліктің қабырғасын қайыстырды. 21 шілде күні үйінен шығып, қайта оралмаған әйелдің денесі бірнеше күннен кейін табылған болатын деп хабарлайды ozgeris.info сайты politico.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Бұл ақпаратты алғаш болып Lider.kz еріктілері әлеуметтік желілерде жариялады. Марқұмның туыстары адвокат Ләззат Рақышевамен байланысып, болған оқиғаның мән-жайын баяндаған. Адвокаттың айтуынша, Диана «үй жинаушы керек» деген хабарландыруға жауап бергеннен кейін белгісіз мекенжайға барған. Дәл сол жерде оның өміріне 17 жастағы жасөспірім қастандық жасаған.

 

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті әйелге 16 рет пышақ жарақатын салып, денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Бұл оқиға қоғамда онлайн жұмыс ұсыныстарының қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақ туындатты.

 

Диана артында екі кішкентай қызын және жұбайын қалдырды. Қайғылы жағдай жұртшылықты тағы бір мәрте интернеттегі сенімсіз хабарландыруларға сақ болуға шақырып отыр.

Барлық жаңалық