Шымкентте 15 мамырдан бері із-түзсіз жоғалған 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл ақпаратты Lider еріктілер қозғалысы растады.
Мәліметке сәйкес, 2008 жылы туған Еркебұлан Қуанышбай 15 мамыр күні шамамен сағат 12:00-де «Жұлдыз» ПМК шағынауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері жақындары онымен байланыса алмаған.
Жоғалған кезде оның үстінде қара түсті футболка мен қара шалбар болған. Бойы шамамен 165–170 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.
Еріктілердің хабарлауынша, жігіт өлі күйінде табылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.