4 адамды өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемаливке үкім шықты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Сот шешімі бойынша ол өмірбойына сотталды.
Еске салсақ, бұған дейін айыпталушы сотта қылмыстан кейін Түркия арқылы Меккеге барып, Құдайдан кешірім сұрағанын айтқан еді. Сондай-ақ ол марқұмдарды себепсіз өлтірмегенін, әйелінің туыстарымен арада жанжал болғанын және оны дәлелдейтін аудиожазба бар екенін мәлімдеген.
Марқұмдардың туыстары соттан бір отбасының төрт мүшесінен айырылғандары үшін Сұлтан Сәрсемәлиевтен 70 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы өндіруді талап еткен еді.