Жаңалықтар

ШҚО-дағы құтқару операциясы: Науқасқа көмектесу үшін тікұшақ көкке көтерілді

ШҚО-дағы құтқару операциясы: Науқасқа көмектесу үшін тікұшақ көкке көтерілді

Шығыс Қазақстан облысындағы құтқарушылар әуе кемесінің көмегімен ауыр науқасқа араша түсті. Алтай ауданының жетуге қиын таулы бөктерінде орналасқан шалғай омартада бір ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған. 1964 жылы туған азаматты ауруханаға тез арада жеткізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды. Бортта Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен құтқару жасағы болды деп хабарлайы ozgeris.info сайты.

Бұл аймаққа қарапайым жерүсті көлігімен бару мүлдем мүмкін емес еді. Оқиға орнында жолсыз тау шатқалдары мен өзен өткелдері кездеседі. Осындай күрделі аумаққа "Қазавиақұтқару" мекемесінің тәжірибелі ұшқыштары Сергей Пинигин, Олег Алфеев және Айдар Мамырханов тікұшақты сәтті басқарып барды.

Мамандар діттеген жерге жеткен бойда науқасты мұқият қарап шықты. Содан кейін оны дереу бортқа отырғызып әуе жолымен алып кетті. Ұшу барысында дәрігерлер ер адамның жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Қазіргі уақытта науқас одан әрі тиісті ем қабылдау үшін Алтай қаласындағы медициналық мекемеге қауіпсіз жеткізілді.

Барлық жаңалық