Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-дағы құрылыс алаңында болған апат бес баланың әкесінің өмірін қиды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында құрылыс кезінде орын алған қайғылы оқиғада трактор аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп жазады ozgeris.info сайты yk.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Облыс әкімдігінің дерегінше, марқұм 1980 жылы дүниеге келген, бес баланың әкесі болған. Апат болған жерге облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы және аудан әкімі дереу барды.

 

Белгілі болғандай, жүргізуші «ТМ Тепломир» компаниясына қарасты техниканы басқарып, ауылда су құбыры желілерін тарту жұмыстарын атқарып жатқан.

 

Аймақ басшысы құрылыс алаңындағы еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын мұқият тексеруді тапсырды. Оның айтуынша, мұндай оқиғаларға бейжай қарауға болмайды, ал себептері жан-жақты анықталуы тиіс.

Барлық жаңалық