Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында төтенше жағдай қызметінің мамандары көктайғақ салдарынан жолда қалып қойған адамдарға көмек көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Liter.kz-ке сілтемемен.
Қатты мұз құрсауында қалған үш көлік арнайы техника көмегімен қауіпсіз аймаққа – тазартылған жол бөлігіне дейін сүйреп жеткізілді. Автокөліктердің салонында жеті адам болған.
«Сонымен қатар, жақын маңдағы елді мекенге төрт адам, оның ішінде бір нәресте жеткізілді. Абырой болғанда, ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ», – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрлік қазақстандықтарға күзгі-қысқы маусымға мұқият дайындалу, көліктерін қысқы шиналармен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау қажеттігін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін полиция өңірдің Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауып, жолдардың тайғақ екенін хабарлаған болатын. Ал батыс пен шығыста көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жеткен.