Шығыс Қазақстан облысында пойыз қатысуымен қайғылы жағдай тіркелді. 22 тамыз күні Өскемен қаласына жақын маңда екі әйелді пойыз қағып кеткен деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
«Коршунова – Өскемен-1» бағытындағы (Өскемен-1 – Риддер аралығы) жолда машинист теміржол үстінде жүрген екі адамды байқап, пойызды тоқтатуға тырысқанымен, апатты болдырмау мүмкін болмады.
Салдарынан әйелдердің бірі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Екінші әйел жедел түрде ауруханаға жеткізілді.