Жаңалықтар

ШҚО-да басшылықтың қысымына шағымданған ұстаздар сабақ беруден бас тартты (ВИДЕО)

ШҚО-да басшылықтың қысымына шағымданған ұстаздар сабақ беруден бас тартты (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында №11 мектептің педагогтары мен Риддер қалалық білім бөлімі басшысы Батырбек Абиев арасында үлкен дау шықты деп жазады Оzgeris.info сайты HALYQSTAN “Telegram” каналына сілтемемен.

 

Бүгін ұстаздар Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановқа және Риддер қаласының әкімі Думан Рахметкалиевке бейнеүндеу жолдады.Педагогтардың айтуынша, Абиевтің бастамасымен соңғы екі айда мектепте бес рет негізсіз тексеріс жүргізілген. Ұстаздар үнемі орынсыз айыптаулар мен қысымға төзуден шаршағанын айтты.Сондықтан олар:

 

«Білім бөлімі басшысының әрекеттеріне құқықтық баға берілгенше және педагогтарға қауіпсіз, құрметті еңбек жағдайы қамтамасыз етілгенше сабаққа кірмейміз», – деп мәлімдеді.

 

Педагогтар даудың басталуына Абиевтің қызы осы мектепте жұмыс істейтін Алтынбаева Аружан Батырбекқызы себеп болғанын атап өтті.Ұстаздардың сөзінше, Абиев педагогтарға бірнеше рет еш негізсіз тәртіптік жаза қолданатынын айтып қорқытқан, олардың абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан.

 

ШҚО Білім басқармасы бұл жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

 

«Қазір жұмыс тобы Риддер қаласында. Барлық мұғалімдер жұмыс орнында, оқу процесі штаттық режимде жүріп жатыр. Сабақтар үздіксіз ұйымдастырылған. Толық ақпарат кейін беріледі», — деп мәлімдеді әкімшілік.

 

Барлық жаңалық