Танымал әнші Жігер Ауыпбаев желідегі парақшасында ерекше видеомен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оның жақында ғана үйленегн жас әйелі Мумина домбырада күй орындады.
Бұл көрініске Жігердің таңдана қарап отырғанын көруге болады.
"Мен шок болдым. Бұндай өнері бар екенін білмеппін. Келіндеріңіз күннен-күнге жаңа қырларын көрсетіп жатыр. Кішкентай қыздарыңыздың кішкентай ғана өнерін бағалап отырыңыздар", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары оның бұл өнері жоғары баға беріп, түрлі пікір қалдырды.