Спорт

Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды 

Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды 

 

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ozgeris.info

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалға дейін қарсыластарының барлығын сенімді түрде жеңіп, чемпиондық атаққа таласты.

Ақтық белдесуде Шерзод Давлатов жарыс қожайыны, Әзербайжан өкілі Ахмед Юсифовпен кездесті. Тартысты өткен финалда жергілікті дзюдошы басым түсіп, алтын медальді иеленді. Ал Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшының чемпионаттағы жолы оңай болған жоқ. Ол жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласын жеңді:

* 1/32 финал: Лойк Кудбудинов (Тәжікстан);
* 1/16 финал: Рауль Брийан Нганджи (Бурунди);
* 1/8 финал: Панамерика ойындарының чемпионы Микел Аугусто (Бразилия);
* ширек финал: әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикар (Франция);
* жартылай финал: әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаяма (Жапония).

Осылайша, Шерзод Давлатов әлемнің үздік дзюдошылары арасындағы бәсекеде күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына маңызды жүлде салды. Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Биылғы додаға әлемнің 93 елінен 622 дзюдошы қатысып жатыр.

Барлық жаңалық