Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотталғандар өздерін толық ақтауды сұрап, кассациялық шағым түсірді деп хабарлайды ozgeris.info сайты tengrinews ке сілтеме жасап.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, сотталғандар үкіммен келіспейді.
«Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар келіп түсті. Бірақ бұл шағымдарды біз енді ғана алдық», — деді Мейірман Шекеев.
Оның сөзінше, сот отырысы жақын күнге белгіленген.
«Ал сот ертеңге, яғни 7 сәуірге тағайындалған», — деп нақтылады адвокат.
Мәліметке сәйкес, сотталғандар Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов өздеріне шығарылған үкіммен келіспейтінін білдіріп, толық ақтауды талап етіп отыр.
Қазіргі уақытта іс бойынша кассациялық шағымдар қаралуы күтілуде.