Жаңалықтар

Шерхан Қалмұрзаның анасы бар шындығын айтты

Шерхан Қалмұрзаның анасы бар шындығын айтты

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева баласының футболшы болуына кім ықпал еткенін айтты, деп жазады ozgeris.info сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Әкем Еділхан Рабаев – футболға жақын, кезінде өзі де ойнаған әрі бапкер болған кісі. Шерханның спортқа қадам басуына да себепкер – сол кісі. Бүгінде өзі балаларды жаттықтыратын жеке мектебі бар», - дейді анасы.

– Шерханның спортқа деген алғашқы қызығушылығы қалай басталды?

– Ол кішкентайынан өте ширақ, спортқа бейім болды. 4 пен 7 жас аралығында джиу-джитсуға қатысып жүрді. Шерханның кішкентайынан бойы ұзын, денесі ірі болды, жарыстардың бірінде оны өзінен бірнеше жас үлкен балалармен жекпе-жекке шығарды, екеуін жеңді, сөйтіп 12 жасар қарсыласынан ұтылып қалып, әбден ызаланып жылағаны бар. Ашуым келіп, баламды үйірмеден әкетіп қалдым, бөтен біреудің әділетсіздігінің құрбаны болғанын қаламадым, әйтпесе жап-жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген.

Жарыстан келген соң әкем немересін футболға беруді қалайтынын айтты. Біздің әулетте ұл бала жоқ, үш қызбыз. Бірақ әкем маған кішкентайымнан футбол ойнауды үйреткен. Өзім спортқа құмар болсам да, кәсіби жалғастыра алмадым. 

Барлық жаңалық