Алматылық “Қайрат” футбол клубының жұлдызды қақпашысы Шерхан Қалмұрза жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Шерхан Қалмұрза “Қайрат” клубымен 2028 жылдың 30 қарашасына дейін келісімшартты ұзартты.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Темірлан Анарбеков жарақат алып қалғаннан кейін Чемпиондар лигасында “Спортингке” қарсы матчта негізгі қақпашы ретінде алаңға шықты.
Сол ойында ол 11 метрлік айып добын қайтарып, турнир тарихында 18 жасқа толмай тұрып пенальтиді тойтарған ең жас қақпашы ретінде ерекше жетістікке қол жеткізді.
Бұдан бөлек, Қайрат” атақты Мадридтің “Реалына” қарсы матчта дәл осы Шерхан қақпаға тұрды. Ол ойын барысында қақпаға 5 гол өткізіп алғанына қарамастан жанкүйерлердің көзайымына айналды.
Сонымен қатар Шерхан Қалмұрзаға алматыдағы тарихи ойын “Реал Мадридпен” матчтан кейін жеке кәсіпкер Ұлықбек Шарипов оған заманауи Exeed маркалы көлігін тарту етсе, ал Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды спортшыға білім грантын табыстады.