Қоғам

Шекарада жүрек елжіреткен сәт: шешен шекарашысы қазақстандыққа үйін ұсынды (ВИДЕО)

Шекарада жүрек елжіреткен сәт: шешен шекарашысы қазақстандыққа үйін ұсынды (ВИДЕО)

Грузиядан оралған қазақстандықты шекарада жылы қарсы алған шешен шекарашысы желіде жүрек елжіретті деп жазады Оzgeris.info.Әлеуметтік желіде тараған видеода шекара қызметкері жүргізушіден қайдан келе жатқанын сұрайды. Ер адамның Грузиядан Қазақстанға қайтып бара жатқанын білген соң, шекарашы оған барынша көмек ұсынған.

 

«Сүйемелдеу ұйымдастырып бере аламын, тамақ ұйымдастырып берем. Тұратын жерің бар ма? Қаласаң, өз үйімді де бере аламын», — дейді ол.

 

Алайда қазақстандық көмек қажет еместігін айтқаннан кейін, шекара қызметкері оған ақ жол тілеп, әрі қарай өткізіп жібереді. Бұл жағдай желі қолданушыларын қатты тәнті етті.

 

Көптеген қазақстандықтар шекарашының адамгершілігіне риза болып, жылы пікірлер қалдырса, кавказдықтар өз кезегінде қазақ халқының жер аудару жылдарындағы көрсеткен қамқорлығын еске алды.

 

Пікірлерден:

 

 «Бұл сәт жүрекке тікелей тиеді… Осындай жылы қарым-қатынасты көру қандай қуаныш!»,«Біздің қарияларымыз жер аударғаннан кейін қазақ халқының қалай құшағын жайып қарсы алғанын әрдайым айтып отыратын. Сол себепті әрбір шешен мен ингуш үшін Қазақстан екінші отан, бауырлас ел!»,«Бұл оқиға ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Біз ештеңені ұмытпаймыз. Сіздер бар дүниелеріңізбен бөлістіңіздер. Әкелеріміз бен аталарымызға көрсеткен қамқорлықтарыңыз үшін рахмет. Біздің үй сіздердің үйлеріңіз».


Бұл оқиға екі халық арасындағы тарихи бауырмалдық пен өзара сыйластықтың әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

 

Барлық жаңалық