Шоу-бизнес

"Шағымын қанағаттандырмады": Дариға Бадықова экс-күйеуінен сотта тағы жеңіліп қалды

"Шағымын қанағаттандырмады": Дариға Бадықова экс-күйеуінен сотта тағы жеңіліп қалды

Заңгер Инга Иманбай актриса Дариға Бадықованың сотқа берген апелляциялық шағымы қанағаттандырылмағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инга Иманбайдың айтуынша, журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың мүддесін қорғауға қатысты іс бойынша Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.

«Дариға Бадықованы тағы да жеңдік. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды қорғаған ісіміз бойынша Дариға Бадықованың апелляциялық шағымы да қанағаттандырылмады. Яғни Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды», — деді заңгер.

Еске салайық, 2025 жылдың қазан айында «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасында актер Дархан Мұсаевтың сұхбаты жарияланған еді. Сұхбат барысында ол Дариға Бадықовамен ажырасу себебі мен 16 жылдық отбасылық өмірі туралы айтқан.

Осыдан кейін актриса әлеуметтік желіде жазба жариялап, жеке өміріне қатысты жағдайларға пікір білдірді.

«Киномның алдында, сонша төккен еңбегімнің, адал терімнің алдында өмірімді күлге айналдырмақ болған әрекет тек мені емес, өнердің өзін де қорлау деп білемін. Мен халыққа жеке өмірімді емес, жүрегімді, еңбегімді, өнерімді ұсынып келдім», — деді Дариға Бадықова.

Сондай-ақ актриса даулы сұхбаттан кейін бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың үстінен арыз түсіргені белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Инга Иманбай Дариға Бадықованың соттағы талаптарына қатысты да пікір білдірген еді.

Барлық жаңалық