Серік Сәпиев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, сондай-ақ жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогын үйлестіруші болып тағайындалды. Бұл шешім "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңартылған редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігіның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Оzgeris.info.
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәдениет және спорт министрлігіндегі бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Қазіргі таңда ол ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.
Айта кетейік, жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді. Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген.