Қоғам

Сербия Қазақстанмен бірлесіп балалар тағамын өндіруге мүдделі

Сербия Қазақстанмен бірлесіп балалар тағамын өндіруге мүдделі

Сербия Қазақстанмен бірлесіп балалар тағамы мен жеміс ботқаларын өндіру жобасына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Астанада өткен алғашқы Қазақстан–Сербия Іскерлік кеңесінің кулуарында Гроцка муниципалитетінің жоба үйлестірушісі Раде Иветич мәлімдеді.

 Оның айтуынша, Гроцка муниципалитеті жеміс өсіруге маманданған және көптеген жеке өндірушілер кооперациясын біріктіреді. Мұндағы жеміс бақтарының жалпы аумағы шамамен 24 гектарды құрайды.

 Қазақстанмен ынтымақтастық мәселесі 2022 жылдан бері Қазақстан елшілігімен бірлесіп талқыланып келеді.

Барлық жаңалық