Сербия Президенті Александр Вучичті «Алтын Қыран» орденімен марапаттау рәсімі өткенін хабарлайды ozgeris.info сайты Akorda телеграмына сілтеп.
Сербия президенті бұл марапатты алу үлкен құрмет екенін айтып, оның екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
– «Алтын Қыран» орденін зор құрметпен қабылдаймын. Бұл марапат маған Сербия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы ортақ іске үлкен жауапкершілік жүктейді. Болашақ ұрпақтың игілігі үшін екі елдің достығы нығая түседі деп сенемін, – деді Александр Вучич.