Шоу-бизнес

«Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді

«Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді

Белгілі продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мөлдір Әуелбековамен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Сондай-ақ ол Балжан Бидаштың алдағы жобасына қатысу мүмкіндігіне қатысты да пікір білдірді.

Продюсердің айтуынша, Мөлдір Әуелбекова оның жаңа жобасына қатыспайды. Ал Балжан Бидаштың жобаға қосылатыны әзірге нақты шешілмеген.

«Құдайға шүкір, Мөлдір Әуелбекова нақты қатыспайды. Ал Балжан Бидаш туралы әзірге білмеймін. Ештеңе айтпаймын. Тосынсыйлар болуы мүмкін», – деді Баян Алагөзова.

Продюсер Мөлдір Әуелбекованың бұған дейін одан кешірім сұрағанын да еске алды. Сол кезде кешірімін қабылдағанын айтқан Алагөзова енді бұрынғы жағдайдың қайталануын қаламайтынын жеткізді.

«Менің ойымша, екі рет бір арнаға кіру мүмкін емес. Мөлдір Әуелбекова бұған дейін де кешірім сұрап келген. Мен оған келісімімді беріп, “жақсы” деп қабыл алдым. Ал екінші рет мен қаламаймын. Маған қажет емес және мен енді сенбеймін. Сенуге болмайтын адам», – деді продюсер.

Барлық жаңалық