«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сенбі күні Қазақстанның 15 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Оzgeris.info.
Жетісу облысында солтүстік, шығыс, орталық және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей сәттерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен шығысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман, ал солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Қостанай облысында солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, ал батыс, шығыс және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында тұман мен көктайғақ болжанады. Солтүстігінде жел екпіні 15–20 м/с. Қызылорда қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда желдің екпіні 15–20 м/с.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыс пен орталық бөлігінде тұман күтіледі.
Атырау облысында қар, жаяу бұрқасын және тұман болжанады. Жел екпіні 15–20 м/с.
Абай облысында тұман күтіледі, жел екпіні күндіз 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Семейде түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында тұман, ал оңтүстік-шығысында жел екпіні 15–18 м/с. Өскеменде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Орал қаласында да қолайсыз ауа райы болжануда.
Ұлытау облысында және Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында тұман күтіледі.
Түркістан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман болады. Таулы аймақтарда жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман күтіледі.
Мамандар тұрғындарды жолда сақ болуға және ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырады.