Жаңалықтар

Семейдегі емханада ер адам жүкті әйелді ұрып-соққан (ВИДЕО)

Семейдегі емханада ер адам жүкті әйелді ұрып-соққан (ВИДЕО)

Семей қаласындағы емханалардың бірінде кезекке байланысты жанжал шықты. Оқиға орнында болған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Жүкті әйелдің айтуынша, ол қабылдауына кіруге дайындалып тұрған кезде басқа бір ер адам кезексіз өтуге тырысқан. Әйел алдымен үндемей, болашақ сәбиін ойлап сабыр сақтаған. Алайда ер адам оны балағаттай бастаған.

Әйел телефон камерасын қосқан сәтте, ер адам жүгіріп келіп, оның қолын қатты қайырып, ұялы телефонын жұлып алған. Қақтығыс тек медицина қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тоқтатылған.

Зардап шеккен әйел полиция шақырып, арыз жазған.

Алайда оның сөзінше, ер адамға қатысты тек түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Барлық жаңалық