Жаңалықтар

Семейдегі аспалы көпірден құлаған 27 жастағы азамат аман қалды

Семейдегі аспалы көпірден құлаған 27 жастағы азамат аман қалды

Семейдегі Ертіс өзенінде тосын жағдай тіркелді. Жиырма жеті жастағы азамат қаладағы аспалы көпірден суға құлап кеткен, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оқиға жайлы 112 пультіне шұғыл қоңырау түскен сәтте Абай облыстық құтқару қызметі дереу көрсетілген мекенжайға аттанады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары тұрғынды іздеуге бірден кірісті. Құтқару шараларына арнайы қайықтар мен ұшқышсыз ұшатын аппарат жұмылдырылды.

Мамандардың жедел әрекеті өз нәтижесін берді. Зардап шегуші Бобровка ауданының аумағынан аман-есен табылды. Құтқарушылар жігітті судан шығарып алған соң бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

Барлық жаңалық