Танымал актер Алмат Сақатов шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі шетелдегі өмірді асыра мақтап, елдегі азаматтарды шақыра беруге болмайтынын айтты.
«Маған Кореядан бір жігіттер жазады. “Кореяға келмейсіз бе? Мұнда бәрі күшті, тамақтары арзан, бәрі керемет. Көшелері керемет жасалған” дейді. Шетелде жұмыс істеп жүрген жігіттер, сіздер еріккеннен кеткен жоқсыздар ғой. Солай ғой? Өмір сондай, өмір сүру үшін, ақша табу үшін жанталасып бардыңыздар. Енді бардыңдар ма, тыныш жүрген елге, мен сияқты табиғаттың аясында Отанында жүрген азаматтарға “мұнда күшті, келіңдер” дегенді көп айта бермеңдер! Бұл сатқындық деп айтпаймын. Бірақ бұлай Отанын сүйетін азаматтардың көңіліне қаяу салуға болмайды. Жұмыс істегісі келе ме – барады. Қысылып, қиналғаннан кейін барып жатыр ғой. Әйтпесе бұл жақта бәрі жақсы болып тұрса, ешкім кетпейді. Ол жағын да ойлану керек», – деді актер.