Қоғам

Сарапшы Бағдат Қожахмет: Бектеновтің ұстанымы әлеуметтік масылдықпен күресудің бастамасы

Сарапшы Бағдат Қожахмет: Бектеновтің ұстанымы әлеуметтік масылдықпен күресудің бастамасы

Экономикалық саясат жөніндегі сарапшы Бағдат Қожахметтің айтуынша, Сенаттағы соңғы мәлімдемесінен кейін премьер-министр Олжас Бектеновке қатысты қоғамда сын күшеюі ықтимал. Үкімет басшысы әлеуметтік қолдау пакетін қатаң әрі жүйелі түрде оңтайландыруды жалғастыратынын жариялаған еді деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Қожахметтің пікірінше, бұл мәлімдеме мемлекеттен толықтай тегін қолдау алуға үйренген, әлеуметтік жауапкершілікті тек мемлекетке жүктейтін топ арасында теріс реакция тудыруы мүмкін.

 

Эксперт өзі шамамен бір жыл Түркістанда тұрып, мемлекетке созылмалы тәуелділік қалыптасқан ортаны ШНОС шағынауданын зерттегенін айтады. Мұнда бірнеше ондаған әлеуметтік үйде шамамен 10 мың адам тұрады.

 

Қожахметтің айтуынша, көрініс алаңдатарлық: Көптеген ер адамдар мүлдем жұмыс істемейді; Бала саны көп; Кейбір ерлер ішімдікке салынып, әйеліне қол көтереді; Әйелдер ең төмен жалақыға еден жуушы болып еңбек етеді; Пәтер тегін, ай сайын жәрдемақы төленеді; Бұл жағдай жылдар бойы өзгермей келеді.

 

Эксперттің сөзінше, мұндай көрініс әр облыста бар.Бектеновтің «жұмыс істей алатын, бірақ істемейтін адамдар» деген сөзі дәл осы топқа қатысты.

 

Сарапшының пікірінше, дәл қазір қоғам еңбек мәдениетін қайта қарауға тиіс. Ол кеңестік кезеңдегі еңбекке үндейтін ұрандарды мысалға келтірді:«Жұмыс істемеген – тамақ ішпейді», «Жалқаулыққа жол жоқ – еңбекке даңғыл жол», «Паразиттерге – жоқ, еңбекқор қоғамға – жол», «Елге масыл емес, еңбек ететін қол керек»

 

Барлық жаңалық