Жаңалықтар

"Сараға аумайды": Желіде Назарбаевтың үшінші әйелі Әселдің билеп жүрген видеосы тарады

"Сараға аумайды": Желіде Назарбаевтың үшінші әйелі Әселдің билеп жүрген видеосы тарады

Әлеуметтік желіде бұрынғы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаеваның (бұрын Исабаева болған) билеген видеосы тарады деп жазады ozgeris.info сайты Democrat.kz-ке сілтеме жасап.

Жұрт аузында ол "Назарбаевқа Тауман атты ұл сыйлаған үшінші әйел" атанған. Тал бойында бір мін жоқ келіншектің әуен ырғағына майыса билегені жұрттың талқысына түсті. 

Әселмен бірге оқыған, оны танитындар "тыныш қана, ешкімнің көзіне түспей, өзімен өзі жүретін қыз еді бұрын" деп еске алуда. 

Ал видеоға пікір жазғандардың басым бөлігі Әселдің Сара Алпысқызының жас кезіне қатты ұқсайтынын жазуда. 

 

 

Барлық жаңалық