Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Сары Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр, деп жазады ozgeris.info.
Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай осыған байланысты ресми түсінік берді.
– Сара Алпысқызы Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүзеге асырылып жатыр, - деді Айдос Үкібай.
Ол сондай-ақ БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Назарбаеваның есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайым таратпауға үндеді.
– Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын, - деді Үкібай.