2 дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстап, барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.
Еске салсақ, қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирінде чемпион атанды.