Қоғам

«Салют кәні?»: Ұзату тойда күйеужігіт елді күлкіге қарық қылды

 «Салют кәні?»: Ұзату тойда күйеужігіт елді күлкіге қарық қылды

Желіде ұзату тойынан кейін қалыңдығын алып кетіп бара жатқан күйеужігіттің видеосы кең тарап, жұрттың ықыласына бөленіп жатыр,еп хабарлайды Ozgeris.info.

Тойдың ең толқынысты сәтінде достарының отшашуды уақытында атпағанына алаңдаған жігіт эмоциясын жасыра алмаған. Ол «Салют кәні?» деп бірнеше рет айтып, жауап күткен. Осы сәттегі күйеужігіттің көзі бадырайып, қатты әбіржіп тұрған бейнесі желі қолданушыларының күлкісін шақырды.

Оқырман қауым бұл видеоға түрлі әзіл сөздер жазып, пікірді жаудырған.

«Салют атылмаса, өзі атылайын деп тұр ғой!»

«Магний ішу керек сияқты, жүйкесі сыр беріп кетті»

«Тойдың бар жауапкершілігін өз мойнына алған нағыз ер азамат»

Той иелері үшін жауапты, ал желі қолданушылары үшін өте көңілді болған бұл видео қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап үлгерді.

Барлық жаңалық