Жаңалықтар

Сәкен Мамаш бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сәкен Мамаш бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Астанадағы сотта прокурор экс-дипломат Сәкен Мамашқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Астанада Сәкен Мамашқа қатысты сот ісі өтіп жатыр. Ол — бұрын Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінде кеңесші болған.

Оны бұрынғы әйелі Карина Мамаш “қатыгездік танытып, ұзақ уақыт бойы азаптады” деп айыптап отыр. Сол себепті ол соттан істі жабық түрде қарауды сұрады. Өйткені іс барысында жеке өмірге қатысты интимдік сипаттағы мәліметтер айтылуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. 

Барлық жаңалық