Танымал әншілер Бүркіт пен Аишаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Олар сахнада өнер көрсетіп жатқанда оң жаққа өту үшін Аиша Бүркіттен рұқсат сұраған.
Көпшілік әншінің бұл ибалығы мен ізеттілігіне тәнті болып, жарыса мақтауда.
"Аиша өте тәрбиелі", "Аиша ата-енесінің де бабын тауып, жағдайын жасап отыр", "Керемет жұп", "Ең әдемі жұп", "Қосағыңмен қоса ағар", "Өте ақылды қыз", - деп жазды оқырмандар.