Қоғам

«Сабыр сақтап, бір-бірімізге қамқорлық танытайық»: Ерлан Қарин жұртты бірлікке шақырды

«Сабыр сақтап, бір-бірімізге қамқорлық танытайық»: Ерлан Қарин жұртты бірлікке шақырды

Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қарин Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, халықты сабырға және бірлікке шақырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

«Халқымыз осынау қиын сәтте тағы да өзінің береке-бірлігін көрсетіп, ауыр қайғыны бөлісіп жатыр. Жұрттың ынтымағы, мемлекеттің беріктігі осындай қысылтаяң шақта білінеді. Сол себепті баршамыз сабыр сақтап, бір-бірімізге қамқорлық танытып, елдігімізді білдіріп, ауыр сынақтан бірлесіп шығайық», – деді Ерлан Қарин.

Ол қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтты. Қариннің сөзінше, жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарған.

Мемлекеттік кеңесші арнайы Үкіметтік комиссия құрылып, жұмысын бастағанын, ал құқық қорғау органдары тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қаза болған азаматтардың туған-туыстарына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырған. Бірқатар қазақстандық кәсіпкерлер де марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеген.

Барлық жаңалық